- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "КСРО әлі де...
"КСРО әлі де бар ма?" Желідегілер қандай дәлел келтіріп жатыр?
Кейінгі уақытта желіде КСРО әлі де бар деген қауесеттер жиі тарап жүр. Stopfake.kz порталы бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"01.06.2021 жылдан бастап бұрынғы КСРО-ның сауда және несие келісімдері бойынша Ресей Федерациясының шет мемлекеттермен төлем және есеп айырысу қатынастарында қолданылатын рубльге қатысты КСРО Мемлекеттік банкінің шетел валюталарының ресми бағамдары" деген тақырыптағы Ресей банкі сайтының скриншотын КСРО-ның әлі де бар екенінің дәлелі ретінде қарастыруға болмайды", - делінген порталда.
КСРО ыдырағаннан кейін бір кездері болған мемлекет шет елдермен қол қойған несиелік келісімдер күшін жоғалтпағандықтан, мұндай валюта бағамдары жарияланады. Қарыздарды қайтару және валюта бағамындағы сәйкессіздіктерді жою үшін Ресей банкі 1992 жылғы 30 қарашада мәлімдеме жасады.
Е. Төлеш"Шын мәнінде, мұның бәрі қастандық теориясының жанкүйерлерінің ойдан шығарылған теориясынан басқа ештеңе емес. Келтірілген дәлелдердің ешқайсы дұрыс емес, ал кейбір материал жай ғана сатира", - делінген хабарламада.