Париж маңындағы пәтерден әйел мен оның төрт баласы өлі табылды. Ең кішкентай бала небәрі тоғыз айлық. Бұл қылмысты балалардың әкесі жасады деген күдік бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі SkyNews-ке сілтеме жасап.
"Бес жансыз дене, оның ішінде екі ұл мен екі қыздың мәйіті табылды. Қашып кеткеннен кейін көрші үйден табылған отыз үш жастағы ер адам, яғни балалардың әкесі басты күдікті саналады", - деді жергілікті прокурор Жан-Батист Бладье.
Француз билігі марқұмдар мен күдіктінің есімдерін әлі жариялаған жоқ.
"Төрт жасар бала мен тоғыз айлық баланың денесінде көзге көрінетін жарақат болған жоқ", - деп нақтылады Бладье.
Прокурордың айтуынша, бұл сәбилер суға батып немесе тұншығып өлген болуы мүмкін.
Тағы бір деректерде тұтқынға алынған ер адам 2017 жылы психиатриялық ауруханада жатқаны және үнемі психикалық проблемаларға қарсы дәрі қабылдағаны айтылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!