- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кішкентай қыздың жасаған...
Кішкентай қыздың жасаған қайырымдылық ісі елшіліктегілердің жүрегін елжіретті
Кішкентай астаналық қыз Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға жинаған ақшасын берді. Ақша жинауға өз қолымен жасаған қорап Қазақстандағы Түркия елшілігіндегілердің жүрегін елжіретті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Түркия елшісінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Махмут Шевкет Байрам қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы күндерден бастап қазақстандықтардың қолдауын сезінетінін айтты.
"Бұл қорапты бізге кішкентай қыз әкеліп берді. Ақшасын Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге бергісі келетінін айтты", - дейді Махмуд Шевкет Байрам.
Сонымен қатар, оның сөзінше, апат болған жерлерде мобильді электр генераторлары, шатырлар, ұйықтайтын сөмкелер мен жылытқыштар жетіспейді.
Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, қазақстандықтар Түркияға 3 миллион доллар көлемінде ақша жіберген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина