Кішкентай қыздарына арақ ішкізген әкенің әрекеті көпшілікті шошытты

Желіде кішкентай қыздарына арақ ішкізген әкенің видеосы жарияланды деп жазады Қамшы порталы.

Видеода ер адамның екі қызына арақ құйып бергенін байқауға болады. Шамамен 5-6 және 2-3 жастағы қыздар бірінен соң бірі арақ құйылған стаканды босата бастайды.

Тіпті, қыздардың бірі “Мен әлі мас болған жоқпын” деп, әкесінен тағы бір қайтара арақ құюын сұраған.