- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кішкене сый-құрмет болуы...
"Кішкене сый-құрмет болуы қажет". Роза Әлқожа әншілерге ренішін білдірді
Танымал әнші Роза Әлқожа өнер иелерін авторлық құқық туралы ұмытпауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, әнін рұқсатсыз орындап, оған қоса өзін автор ретінде белгілемейтіндерге ренжіді.
"Сағындым сені.
Он төрт жасымда жазған әнім. Кейінірек марқұм Ажар Түзелбекққызы ұнатып алып, сөзін Исраил Сапарбай аға жазды.
Қазір қазақ-қырғыз арасында кеңінен тараған бұл әнді орындаушылар көбі қуантады. Бірақ, кішкене сый-құрмет болуы қажет. Авторын атап өтіп, не жазып қоюға болады.
Сосын әнді орындамас бұрын автордан рұқсат алу қажет екенін ұмытпаңыздар!
Авторлық құқық деген болады. Орындаушысы қайтыс болғанымен авторлар бармыз!
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Телефонды жоғалтып алғанда не істеу керек?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә