- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кіші қажылыққа апарамын"...
"Кіші қажылыққа апарамын" деп халықты алдаған Алматы тұрғыны сотталды
27 жастағы Алматы тұрғыны Меккеге кіші қажылыққа апарамын деп халықты сан соқтырды. Өзінің қызметі үшін адам басынан 423 мың теңге алып отырған. Қажылыққа бару үшін 30 адам жинауды жоспарлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Меккеге барғысы келген 13 жәбірленушіге 12 миллион тенгеге жуық шығын келтірген.
Сот шешімімен аталған азаматты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-тармағы ("Алаяқтық") бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырды.
"Сотталған Абай облысы бойынша Семейде қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеп жатыр. Мекемеге барған күннен бастап жеке кәсіпкердің цехында қолөнер жұмыстарымен айналысады. Тапқан табысынан сот үкімі бойынша белгіленген талап-арызы бойынша белгіленген өтемақысын төлейді. Өзін күтіп отырған анасына қаржылай көмектеседі", – дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Нұрболат Сапарғалиев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан