- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кісі өлтіруші, ұры,...
Кісі өлтіруші, ұры, зорлықшы: іздеуде жүрген 2,5 мың адам ұсталды
Іздеуде жүрген 2,5 мың қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 34 кісі өлтіруші, 17 қарақшы; 84 ұры, 10 бопсалаушы, 11 зорлықшы, 87 есірткі қылмыскері бар.
"Биыл шілдеде Шымкентте жедел іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер 2018 жылы Дубайда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Сондай-ақ, Таразда 2022 жылғы қарашадан бастап кісі өлтіруге оқталғаны үшін іздеуде жүрген екі адам құрықталды", - деді ҚР ІІМ криминалдық Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.
Қылмыскерлерді іздеу тек ел аумағымен шектелмейді екен.
"Елден тыс жерлерде жыл басынан бері 70 қылмыскерді ұстап, одан бөлек тағы 36 іздеуде жүрген адамды анықтадық. Олар АҚШ, Швеция, Германия, Түркия, сондай-ақ, өзге де алыс-жақын елдерде табылды", - деді Руслан Назаров.
ІІМ жедел іздестіру топтары шетелде 34 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен бір адамды тапты.
"Жедел іздестіру тобымыз қарашада Грузияда 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың ақпанына дейін қаржы пирамидасын құрған және басқарған күдіктіні ұстады. Ол азаматтарға 2 миллиард теңгеден аса шығын келтірген", - деді ведомство өкілі.
Сонымен қатар, полицейлер қысқа мерзімде хабар-ошарсыз кеткен 13,5 мыңнан аса азаматты тауып, іздестіріліп жатқан 1276 жоғалған адамның орналасқан жерін анықтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова