Кісі өлтіруге оқталған күдікті Армениядан экстрадицияланды

Фото: Видео кадры

Қазақстандық кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Армения Республикасындағы елшілік көмегімен бұрын бірнеше рет сотталған қазақстандықты Ереваннан экстрадициялады.

2024 жылы қыркүйекте Петропавл қаласында ол мас күйде бұзақылық ниетпен жәбірленушінің маңызды органдарына пышақпен бірнеше рет жарақат салған, жәбірленуші дәрігерлердің арқасында аман қалған.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан қашып кеткен, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған. Былтыр қазанда ол Армения аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеу арқылы он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget