Оралда аса ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
17 қаңтарда Оралда полиция "Бүркіт" арнайы жасағының қолдауымен 33 жастағы ер адамды ұстады.
"Ол Орал қаласы аумағында жасалған ер адамды өлтіру дерегі бойынша 2024 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова