• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Кісі өлімі үшін 6 жылдан аса уақыт жасырынып жүрген күдікті Қырғызстанда ұсталды

Кісі өлімі үшін 6 жылдан аса уақыт жасырынып жүрген күдікті Қырғызстанда ұсталды
Фото: Қырғызстан МҰҚК

Кісі өлімі үшін 6 жылдан аса уақыт жасырынып жүрген күдікті Қырғызстанда ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР ІІМ және Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижесінде 33 жастағы ер адам Бішкек қаласында ұсталды.

Ол 2018 жылы Балқаш қаласында екі рет кісі өлтіргеннен кейін сот төрелігінен жасырынған.

"Күдікті УҰИ-ға қамалды. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстандықты Қырғызстанның МҰҚК қызметкерлері 24 ақпанда Бішкекте ұстаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КР УКМК | ГКНБ КР (@gknb.official)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget