Кісі өлімі, есірткі сақтау: Қазақстанда 20 қылмыстық топ әшкере болды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы полициямен және прокуратурамен бірлесіп, 20 қылмыстық топты әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кісі өлтірді, бопсалады, есірткі мен қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен 70-тен аса адам, соның ішінде іздеу жарияланғандар ұсталған.

"Қылмыстарды тергеу барысында 30 атыс қаруы, қаражат тәркіленді. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

ҰҚК

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!