Шілдеде инфляцияның бір айлық деңгейі 0,6 пайыз болды, бұл маусымдағы көрсеткіштен төмен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, шілдеде кейбір жеміс, көкөніс түрлері айтарлықтай арзандаған.
Қияр 22,6 пайызға, қызанақ 17,7 пайызға, сәбіз 5,3 пайызға, банан 4 пайызға, алма 2,7 пайызға, апельсин 2,3 пайызға, лимон мен картоп 1,6 пайызға арзандаған. Сонымен қатар, жұмыртқа бағасы 1,4 пайызға, арпа жармасының бағасы 1,3 пайызға төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында жүрген жеңіл көлік 3,8 пайызға, электр еттартқыш 2,2 пайызға, кірсабын 1,5 пайызға, смартфон мен көзілдіріктер 1,3 пайызға, шашбояу 0,7 пайызға арзандаған.
Жылдық мәнде 2026 жылғы шілдеде инфляция деңгейі 10,2 пайыз болған. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,7 пайызға, азық-түлік бағасы 10,1 пайызға, ақылы қызметтердің бағасы 9,2 пайызға өскен.
Былтыр шілдемен салыстырғанда жеміс, көкөністің кейбір түрлерінің бағасы төмендеген: қияр 31,6 пайызға, қызанақ 26,5 пайызға, пияз 10,9 пайызға, сарымсақ 8,1 пайызға, апельсин 7,8 пайызға, алма 4,7 пайызға арзандаған. Сонымен қатар, азық-түлік тауарлары арасында күріш 4,1 пайызға арзандаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында 2025 жылғы шілдемен салыстырғанда Қазақстанда құрастырылған жаңа жеңіл көлік бағасы 16,2 пайызға, кондиционер 10,8 пайызға, медициналық термометр 7,5 пайызға, медициналық бинт 6,4 пайызға төмендеген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!