Ақтөбеде кірпіге қатыгездік танытқандарға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілеме жасап.
Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында бір топ жастар футболды тірі кірпімен тепкілеп ойнағаны анықталды.
Тексеру барысында бұл оқиға Ақтөбе қаласында болғаны белгілі болды. Күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ҚР ҚК-не сәйкес, жануарларға қатыгездікпен қарау оның мертігуіне әкеліп соққан жағдайда 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!