- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кроссовки алып қойып...
"Кроссовки алып қойып едім" деді". Жұлдызай Дүйсенбиева өзіне жасалған тосын сый туралы айтты
Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева "Хабарlike" бағдарламасында өзіне тосыннан сыйланған көлік туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жуырда актрисаға дизайнер Ғани Көбеев көлік сыйға тартты.
"Күткен жоқпын. Маған Ғани хабарласып, "көрімдігім бар еді, берейінші" деді. "Қатты бергің келіп бара жатса, каспиге салып жібере салшы" деп әзілдедім. "Жоқ, кроссовки алып қойып едім. Келіп алыңызшы" деді. Барсам, ешкім жоқ. Кірсем, Ғани "түсірілім жасап жіберейік" дейді. "Шаршап тұр едім, кроссовкиді бере салшы, кетейін" дедім. Далаға шығып, көлікті алға қаратып қойып, бантигін байлап дайындалып жүр екен. Шынымен ойлаған жоқпын. Өйткені Ғанимен жұмысты олай жасаған жоқпын. Мен одан ештеңе сұраған емеспін. Жұрт дәл қазіргі заманда Instagram-да блогердің бәрі тек жарнама жасап, ақша табады деп ойлайды. Мен Ғаниден бір тиын алған емеспін, ешқандай мәмілеге отырған емеспіз", - деді актриса.
Еске салайық, бұған дейін актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваға белгілі дизайнер су жаңа көлік сыйлаған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова