Желіде Крокус Сити Холлдағы терактіден бір сағат бұрын Пикник тобының дайындық кезінде түсірілген видео пайда болды. Видеоның үзіндісін Mash Telegram-арнасы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дайындық сағат 17:00-де басталған. Музыканттар дыбыс пен жабдықты тексеріп, кейін киім ауыстыратын бөлмеге кірген. Сол жерде олар атыс пен айғайдың дыбысын естіді. Топтың солистері мен қызметкерлері авариялық шығу арқылы эвакуацияланды. Қайғылы оқиғадан кейін рок-топтың өкілдері қаза тапқандардың отбасыларына қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Бұған дейін Crocus City Hall-да болған теракт салдарынан Пикник тобының мүшесі Екатерина Кушнер қайтыс болғаны белгілі болған.
Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады. Атыс кезінде ғимаратта 6200-ге дейін адам болуы мүмкін – сол күні болуы керек концертке билеттер түгелге жуық сатылып кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, 133 адам қаза тауып, тағы 140 адам жараланған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!