Криштиану Роналдудың тойы қай жерде өтпек? Тың дерек айтылды

Криштиану Роналдудың тойы қай жерде өтпек? Тың дерек айтылды
Фото: georginagio / Instagram

41 жастағы Криштиану Роналду мен 32 жастағы Жоржина Родригестің 2016 жылдан бергі махаббаты енді шаңырақ көтеруге ұласып жатыр. Әлемдік БАҚ пен әлеуметтік желілерде жылдың ең дүркіреген тойларының біріне айналуы мүмкін салтанаттың жай-жапсары қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"1 тамызда жасырын үйлену тойы өтеді" деген ақпарат жалған болып шықты

Шілденің аяғында әлеуметтік желілер мен кейбір еуропалық таблоидтарда жұп 1 тамызда Португалияның Синтра қаласында қара түсті қатаң дресс-кодпен жасырын үйлену тойын өткізетіні жазылған ресми шақыру билеті делінген суреттер кең тарады.

Алайда HOLA! басылымының анықтауынша, жұптың жақын ортасындағы дереккөздер бұл ақпаратты толық жоққа шығарған. "Той өтеді" делінген орын сол күні туристер үшін ашық болған, ал Криштиану мен Жоржина демалыста жүрген.

Криштиану үшін ерекше мәні бар орын

Sports Chosun және өзге де спорттық әрі жаңалық басылымдарының мәліметінше, жұп ресми салтанатты Криштианудың туған жері - Мадейра аралында өткізуді таңдаған.

Idealista басылымының мәліметінше, неке қию рәсімі жергілікті базальттан тұрғызылған XVI ғасыр сәулет ескерткіші - Фуншал кафедралды соборында (Sé do Funchal) өтуі мүмкін.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Публикация от Óscar Pereira (@_oscarpereira)

Бұл орынның футболшы үшін жеке мәні зор. Собор Криштиану дүниеге келген ауруханадан бірнеше минуттық жерде және оның алғашқы футбол клубының алаңына жақын орналасқан.

"Тойға кубокпен келгісі келді"

Роналду сұхбаттарында үйлену тойы 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін өтетінін бірнеше рет айтқан. Ол журналистермен әңгімесінде қалыңдығының жанына әлем чемпионы атанып баруды армандайтынын жеткізген.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Georgina Rodríguez (@georginagio) жариялаған жазба

Португалия құрамасы турнирдегі өнерін аяқтағаннан кейін, жұп көптен күткен салтанатқа дайындыққа толық кірісе алды. Жуырда олар Майорка жағалауындағы сәнді яхтадан байқалды. Папараццилер Жоржинаның саусағындағы шамамен 35 караттық ірі сопақ гауһар тасы бар жүзікті түсіріп алған. Зергерлік бұйым мамандары оның құнын 4,5–5,4 миллион доллар, яғни қазіргі бағаммен шамамен 2,1–2,6 миллиард теңге деп бағалап отыр.

"Әке, анама жүзік сыйлайсың ба?"

Роналду Wedded Wonderland басылымында жарияланған сұхбатында сөз салу сәтінің түнгі сағат бір шамасында, кенжелері ұйықтап қалған кезде отбасы арасында болғанын айтқан.

"Досым маған жүзікті ұстатты. Сол сәтте қыздарымыз жүгіріп келіп: "Әке, анама жүзік сыйлап, саған тұрмысқа шығасың ба деп сұрайын деп тұрсың ба?" деді. Сол кезде: "Міне, нағыз қолайлы сәт осы екен" деп ойладым", - деп еске алған Криштиану.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Georgina Rodríguez (@georginagio) жариялаған жазба

Футболшы өзін романтик адаммын деп санамайтынын әзілмен айтқанымен, үйде видеоға түсірілген сөз салу сәті мен жүзік әлемдегі миллиондаған жанкүйерді тебірентті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget