Криминалистер бір жылда 50 мыңнан аса тексеріс жүргізген

Криминалистер бір жылда 50 мыңнан аса тексеріс жүргізген
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

2024 жылы ІІМ криминалистері 50 мыңнан аса тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Былтыр Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистік бөлімдері оқиға орындарында 50 мыңға жуық тексеріс жүргізді. Бұл тергеу үшін құнды дәлелдер жинауға мүмкіндік берген.

"41,4 мың тексерістен іздер мен басқа да заттай айғақтар алынды. 43 мыңнан аса сараптама жүргізіліп, олар қылмыстарды ашуда маңызды рөл атқарды", - деп жазылған хабарламада.

Криминалистикалық тіркеу нәтижесінде 10,5 мың оң нәтиже анықталып, бұл тергеудің жеделдетілуіне және қылмыскерлердің әшкереленуіне септігін тигізген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова