- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кредитке іліп қойған...
"Кредитке іліп қойған жоқсың ба?!" Ағасына су жаңа көлік сыйлаған інісі жұртты тәнті етті
PR саласы бойынша маман Әлішер Елікбаев бауырына көлік сыйлап, тосынсый жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлішер Елікбаев бауыры Әсемнің 50 жылдық мерейтойына қымбат сый жасаған. Оның сөзінше, кезінде олардың отбасыларының Алматыға көшуіне себеп болған ағасы екен, оның үстіне алғашқы көлігін де ағасы сыйлапты. Ол бұл тосынсыйды ата-анасына да, бауырына да айтпаған, осылайша, оларды алдап шақырған.
"Мынау маған ба точно? Кредит іліп қойған жоқсың ба сен?!" - дейді Әлішер Елікбаевтың бауыры видеода.
@alisher.yelikbayev ТикТок постоянно удаляет мои видео, приходится редактировать и заново все заливтаь. Ну может в этот раз повезет!
♬ оригинальный звук - Alisher Yelikbayev
Әлеуметтік желі қолданушылары жантебірентер көрініске жылы лебіздерін жазған.
"Жылап отырмын, қандай жып-жылы", "Өзім алғандай қуанып отырмын", "Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар", "Туғандардың арасындағы осындай қарым-қатынасты көрген қандай жағымды", "Бауыр барда бақытсызбын дей көрме", "Күшті, керемет көрініс. Аға мен інінің бауырмалдығы жүректі жылытады. Ұлдарыма осындай қарым-қатынас тілеймін", "Балаларыма жұғысты болсын", - дейді олар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова