Қарызға батып өмір сүруге қаржылық сауатсыздық, жиі кредит алу, туыстары мен достарынан қарыз алу әдеті әсер етеді. Осылайша, кредиттерін төлей алмай жүргендер қаншама. Заңгер Бердімұрат Хасенұлы өзінің инстаграм парақшасында кредит төлей алмай жүргендердің негізгі 3 қателігін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгердің айтуынша, кредиттен құтыла алмауға жиі мына нәрселер әсер етеді:
Біріншіден, кредитті жабамын деп екінші, үшінші, төртінші кредит алып, оларды да жаба алмай қалу.
Екіншіден, банктен, кредиторлардан, коллекторлардан, сізге хабарласқан кез келген осы іс бойынша адамдардан тығылу, максималды қашу. Яғни, проблеманы жоқ сияқты көзіне елестету.
Үшінші қателік, заң көмегіне жүгінбеу, заң арқылы шешуге тырыспау.
Заңгер Бердімұрат Хасенұлының айтуынша, осы қателіктерді түзететін болса, алдын алатын болса, кез келген кредиттен құтылуға болады.
Алаяқтар сіздің атыңыздан несие алса не істеу керек? Мына жерден оқыңыз.