Кредит тарихыңыз нашар болса, банктер мен микрокредиттік ұйымдар сізге несие бермей қоюы мүмкін. Ендеше, кредит тарихын қалай жақсартуға болады? Бұл сұраққа заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлы өзінің инстаграм парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгердің айтуынша, кредиттік тарихты түзетуге, жаңартуға немесе жоюға болмайды. Кредиттік тарихты тек жақсартуға мүмкіндік бар.
Заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлы кредиттік тарихты жақсартуға көмектесетін мынадай кеңестер берді:
Заңгер кредиттік тарихты жақсартуға уақыт керегін айтты.
"Кредиттік тарихты жақсарту бұл уақытты талап ететін процесс. Себебі толыққанды қарыздар берешектерді жапқаннан кейін 6 ай бойы БЖЗҚ-дан (ЕНПФ) зейнетақы жинақтауы түскен болса, сізде қарызыңыз өтелгеннен 6 ай өткеннен кейін қайта рәсімдеуге мүмкіндік туады", - деді маман.