- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кіреберіске дейін аңдыған....
Кіреберіске дейін аңдыған. Полиция Абай облысындағы ер адамның "біртүрлі" әрекетіне пікір білдірді
4 тамыз күні әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында Қарағайлы ауданында әйел адамның жиенімен болған оқиғаны сипаттаған жарияланымы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Баланың айтуынша, бас киім мен ақ футболка киген белгісіз адам оны көшеден және кіреберіске дейін аңдыған. Сұқтанған көзді байқаған бала қадамдарын жылдамдата бастаған сәтте, артынша ер адам да тездете бастаған. Бала үйінің кіреберісіне жүгіріп барып, есікті жауып алып, белгісіз адамнан құтылады.
Ол бұл жағдайды өзінің үйде болған әпкесіне баяндап береді.
Абай облысының полицейлері дереу ер адамның жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар өткізді. Ол шағын ауданның 47 жастағы тұрғыны болып шығып, учаскелік полиция пунктіне жеткізіледі.
Жауап алу барысында ер адам заңсыз ештеңе жасамағандықтан, баланың қорыққанын білмегенін айтқан.
Тексеру шараларын жүргізіп, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап шыққаннан кейін, полицейлер расымен де ер адамның іс-әрекетінен аңду фактісін байқамады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина