- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Краш, туған күніңізбен"....
"Краш, туған күніңізбен". Астаналық 20 белсенді Тоқаевты кеме бортынан құттықтаған
Астаналық белсенділер Есіл өзенімен жүзіп келе жатқан жаяу жүргіншілер кемесінің бортында Президент Тоқаевты туған күнімен құттықтайтын перфоманс ұйымдастырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Telegram-дағы "Жақсы адамдар" каналы хабарлады.
"2023 жылғы 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды! Бұған дейін туған күн иесі өзінің мерейтойын атап өтуді жоспарламайтынын атап өткен болатын. "Бұл мәселе бойынша ешқандай іс-шаралар жоспарланбаған. Бұл Президенттің ұстанымы",- деді Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Бірақ біздің қыздар мерейтой иесін құттықтаусыз қалдыру әділ емес деп санады. 20 белсенді өз қолдарымен 7 метрлік баннерді дайындап, Президентке құттықтау жолдады.
Перфоманс Есіл өзенімен жүзіп келе жатқан жаяу жүргіншілер кемесінің бортында өтті. Кеме Ақорда ғимаратының жанынан өткен сәтте оның екі жағынан "КРАШ, туған күніңізбен" құттықтау баннері түсіріліп, түрлі-түсті фаерлер жағылды", - делінген жазбада.
Еске салайық, бүгін, 17 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды. Оның туған күнін тойлмайтыны, мұны құп көрмейтіні хабарланды. Ол қазір Қытайда мемлекеттік іссапармен жүр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан