Қазақстан Ұлттық банкі 30 қыркүйекте 225 миллион долларға интервенция жүргізді.
Жүргізілген интервенциялардың жалпы көлемі миллиард доллардан асты. Бұған дейінгі интервенция 29 қыркүйекте жүргізілген болатын. Ол кездегі интервецияның көлемі 137,5 миллион долларға тең болды. Айта кететіні, 1 қазан күнгі таңға сессияда доллардың бағамы - 270,90 теңге.
Бұған дейін Ұлттық банк тамыздағы Қазақстан Республикасының айырбастау орындарының қолма-қол шетел валютасын сатуы және сатып алуы жөніндегі ақпартты жариялады. Доллар бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Алматыда болды. Қазақстан бойынша 1 548,3 миллион сатылып, 997,8 миллион доллар сатып алынған. Нақтырақ айтқанда, Алматыда 649,7 миллион сатылып, 428,69 миллион доллар сатып алынды. Екінші орында Астана тұр, елордада 177,2 миллион сатып алынып, 182,4 миллион доллар сатылған. Үшінші орында - ОҚО, мұнда 74,8 миллион доллар сатып алынып, шетел валютасы екі есе аз мөлшерде сатылды.
Дереккөз: tengrinews