ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру туралы» 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №972 ҚР Үкіметі Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі Қаулысы қабылданды.
ҚР Үкіметі Қаулысы 2016 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзетуден тұрады және Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыруға, басымдықты мемлекеттік бюджеттік инвестицияларға, ҚР Үкіметінің ағымдағы мақсатты трансферттерін және резервті үлестіруге бағытталған.
Анықтамалық: 6 қазанда – ҚР Парламенті Сенаты жалпы отырыста «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдады.
Содан кейін 7 қазанда – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға бағытталған заңға ҚР Президенті Н. Назарбаев қол қойды.
8 қазанда – 2016 жылға арналған нақтыланған бюджет аясында қосымша қаражатты тиімді бөлу бойынша шаралар әзірлеу мақсатында ҚР Үкіметі отырысы өтті.