- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҚР СІМ өкілі...
ҚР СІМ өкілі Ресей елшiсiн шақыруға қатысты пiкiр бiлдірді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілдері Ресей елшісі Алексей Бородавкинмен болған әңгіменің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ресей елшісі Сыртқы істер министрлігіне әңгімеге шақырылды. Біз Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың тең құқылы стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтін мәлімдемесін талқыладық. Әңгімелесу қиын болды", - деді СІМ баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Астанадағы украин елшісі Петр Врублевскиймен болған жағдайға байланысты Ресей СІМ-не шақырылған болатын. Кездесуге түсініктеме бере отырып, Захарова Врублевскийдің "Қазақстан астанасына жай ғана заттарын жинап, отбасын алып кету үшін келмегені түсінікті" деп мәлімдеді.
"Бүгін Ресей елшісі Қазақстан СІМ-не әңгімелесу үшін шақырылады. Талқыланатын басты тақырып - Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарованың мәлімдемесі. Сондай-ақ, күн тәртібінде Ресейдің Украина жағына қойылатын талаптары тұр. Бұл жалпы дипломатиялық тәжірибе. Мария Захарованың украин елшісін Қазақстаннан шығаруға қатысты мәлімдемесі, біздің ойымызша, Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы стратегиялық әріптестер ретіндегі одақтастық қарым-қатынасына диссонанс тудырады", - деді Смадияров мәжіліс аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек