Қазақстан Қорғаныс министрлігінің құрметті қарауыл ротасы Екінші Дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына арналған Қытайдың Пекин қаласында өтетін әскери шеруге қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 тамызда Қытайда 3 қыркүйекте өтетін әскери парадқа қатысуға аттанатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрметті қарауыл ротасының қорытынды саптық байқауы өтті. Алаңда 68665 әскери бөлімінен 100-ден астам әскери қызметші командирімен шығып, сапқа тұрды.
"Әскери қызметшінің саптық адымы өз елінің және армияның қуаттын, беріктігі мен мақтанышын көрсете алуы тиіс", - деп түсіндірді өз жауынгерлеріне капитан Мақсат Байжігітов.
Алдағы парадқа әскери қызметшілер бірнеше күн дайындалды, сондықтан қазір олар 100 пайызға дайын. Осы жылдың 17 тамызы күні Пекин қаласына аттанып, кытайлық әскери қызметшілермен бірлескен жаттығуларға кіріседі.
2002 жылы құрылған рота республикалық деңгейдегі, халықаралық ауқымдағы барлық салтанатты және мерекелік іс-шараларға қатысып келеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Перзидентінің инаугурациясына, "КАDEX" көрмесіне, Астанадағы ҚР ҚК әскери парадта, РФ ҚК 2010 жылы Мәскеуде өткен әскери парадқа қатысқан.
Айта кетелік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға 2-3 қыркүйектені сапары барысында Жеңістің 70 жылдығына арналған шараға қатысады.