- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Универсиада-2017...
ҚР Премьер-Министрі Универсиада-2017 дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарын өткізу және оған дайындық мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Кеңеске қатысушылар спорттық ғимараттар құрылысының барысын, Қазақстанның студенттік құрама командасының дайындығын, сондай-ақ алау эстафетасын өткізу мәселесін талқылады.
Б. Сағынтаев кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары И. Тасмағамбетовке 2017 жылы Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарына дайындық мәселелерін бақылауға алуды тапсырды.
Еске салайық Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді.
Қазіргі таңда 58 мемлекет жарысқа қатысатынын растады. Универсиадада спорттың 12 түрі бойынша 86 медальдар жиынтығы ұтысқа салынады. Сондай-ақ, жарыстар 8 спорттық нысанда: «Алматы Арена» және «Халық Аренадан» бөлек, «Шымбұлақ», «Медеу», «Сұңқар» трамплині, Б. Шолақ атындағы Спорт сарайы, «Алатау» шаңғы-биатлон стадионы және Алматы облысындағы «Табаған» кешенінде өтеді.
T. Кіршібаев