ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Конгресс-орталықтың, қонақ үй кешенінің, ЭКСПО-кеңсесінің, ЭКСПО-қалашығының және халықаралық павильондардың ғимараттарын қарап шықты, - деп хабарлады primeminister.kz сайты.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрме нысандары құрылысын уақытылы жүргізу, сонымен қатар, оларды инновациялық әзірлемелермен сапалы түрде толықтыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді.
Премьер-Министрді көрме аймағының аумағын көркейтуде, ішкі әрлеу жұмыстарына және нысандардың қауіпсіздік жүйесіне отандық материалдардың қолданылып жатқандығы туралы хабардар етті.
Конгресс-орталық – халықаралық конгресстер, конференциялар, симпозиумдар, панельдік сессиялар, қойылымдық шоу мен концерттер өткізуге арналған көп функциялы мәдени ойын-сауық нысаны. Нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, телескоптық мінбе мен мобильді аралықты жобалау бойынша технологиялық шешімдер әзірленуде.
Қонақ үй кешені – нысан халықаралық Hilton Worldwide операторының жұмылдырылуымен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидасымен жүргізілуде. Қонақ үйдің инфрақұрылымы тәуліктік мейрамхананың үлкен және кіші залынан, конференц-залдан, келіссөз жүргізу және кеңсе бөлмесінен тұрады.
«ЭКСПО-қалашық» көппәтерлі тұрғын-үй кешені – 42 тұрғын үйден тұрады, және 1 374 пәтері, көліктің тұрақ орындары мен жерасты паркингі бар.
«Халықаралық павильондар» ғимараты – нысан 57 павильоннан, 6 ұжымдық павильон Дамушы елдерге көмек бағдарламасы аясында бөлінген. Аумағы бойынша ең үлкен дербес павильондар Германия, АҚШ, Корея, Ұлыбритания, Франция және Ресейге тиесілі.