- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҚР ОСК Тоқаевтың...
ҚР ОСК Тоқаевтың президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптарға сай келетінін мәлімдеді
Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптарға сай екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Конституцияда және "Сайлау туралы" конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетіні белгіленсін. Кандидатты қолдауға қол жинау үшін қажет мөлшерде қол қою парақтары берілсін", - делінген ОСК қаулысында.
ОСК отырысында құқық қорғау органдарының да кандидатқа қатысты ешқандай түсініктемелері жоқ екені айтылды.
Айта кетейік, заң бойынша қазіргі Президентке мемлекеттік тілді білуге емтихан тапсыру қажет емес.
Еске салайық, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылғы 20 қарашада өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек