Кейде кір жуғыш машинада зең пайда болады және ол жуылған таза киімдерден жағымсыз иіс шығып тұруына әкеледі. Кір жуғыш машинадағы зеңнен арылуға көмектесетін қарапайым лайфхактар ұсынамыз.
Сірке суы
Бұл әр үйде кездесетін құрал. Оның көмегімен зеңді кетіруге болады. Ол үшін сірке суын кір жуғыш машинадағы ұнтақ салатын жерге құясыз, да іші бос машинаны іске қосасыз. Бұл кезде кір жуғыш машинадағы қарқынды жуу режимін таңдаған жөн. Себебі зеңді шайып шығару үшін жуу кезінде судың қатты ыстық болғаны жақсы.
Лимон қышқылы
Көпшілік үйде болатын тағы бір құрал – лимон қышқылы. Оның ұнтақ түрі болғаны жақсы. Оны да сірке суын секілді ұнтақ салатын жерге салып, іші бос кір машинаны қосасыз.
Ас содасы
Стақанға ас содасын салып, оған аздап су қосып, қоспа дайындайсыз. Осы қоспаны кір машина ішіндегі зең бар жерлерге жағып шығасыз. Қоспаны шамамен 1-2 сағатқа қалдырыңыз. Содан соң ұнтақ салатын жерге ас содасын салып, кір жуғыш машинаны іске қосыңыз.
Оқи отырыңыз: Микротолқынды пештің сіз білмейтін 10 мүмкіндігі