ҚР бюджетіне арақ пен темекі акцизінен қанша пайда түсіп жатыр?

ҚР бюджетіне арақ пен темекі акцизінен қанша пайда түсіп жатыр?
Фото: depositphotos.com

Акциз саясаты мемлекеттік кірістерді қалыптастыруда және Қазақстандағы алкоголь мен темекі өнімдерінің нарығын реттеуде шешуші рөл атқарады. 2024 жылы елімізде жаңа акциз мөлшерлемелері енгізілді, олар бюджет кірістерін арттыруға ғана емес, заңсыз саудамен күресуге де арналған. Десе де осы өзгерістер ел бюджетіне қанша пайда алып келді. Massaget.kz тілшісі баяндасын.

Сыра бағасы өсуі мүмкін

Қазақстанда алкоголь және темекі өнімдеріне акциз салынады. Олардың мөлшерлемесі де араға көп уақыт салмай өсіп тұрады. Соңғы рет акциз бағасы осы жылы жаңартылды. Дегенмен баға қайта өзгереме Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді.

- Арақ және басқа да күшті сусындар: 100% спирттің литріне 2550 теңге. Бұл өсім күшті алкогольді тұтынуды азайтуға және оны сатудан түсетін кірісті арттыруға бағытталған.
- Сыра: литрі 35 теңге. Дегенмен, жақын арада сыраға акцизді литріне 90 теңгеге дейін көтеру жоспарлануда, бұл сыра қайнату өнімдері нарығына және сыраны тұтынуға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
- Шарап: литрі 170 теңге. Шарапқа салынатын акциз жергілікті өндірушілер мен тұтынушыларды қолдау үшін салыстырмалы түрде қалыпты деңгейде қалып отыр.

Темекі өнімдері акциз саясатында өзгеріс қалуы мүмкін

Сүзгі бар және фильтрсіз темекі:
- 2023 жылы: 1000 данаға 14100 теңге.
- 2024 жылы: 1000 дана үшін 15 900 теңге. Акцизді көтеру темекі тұтынуды азайтуға және оны сатудан түсетін кірісті арттыруға бағытталған.
- Қыздырылған темекі қосылған өнімдер:
- 2023 жылы: 1000 дана үшін 9870 теңге.
- 2024 жылы: 1000 дана 11130 теңге. Бұл акциздер жылытылатын темекі танымал болған сайын өсуде.
- Темекінің басқа түрлері (труба, шегу, шайнау және т.б.):
- 2023 жылы: кг үшін 12 950 теңге.
- 2024 жылы: кг үшін 14 150 теңге.
- 2025 жылы: кг үшін 14 150 теңге.
- Сигарилло:
- 2023 жылы: 1000 данаға 14100 теңге.
- 2024 жылы: 1000 дана үшін 15 900 теңге.
- 2025 жылы: 1000 дана үшін 15 900 теңге.

Осы тұста Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті алкоголь мен темекі өнімдерінің заңсыз айналымымен белсенді күресіп жатқандықтарын жеткізді. Негізгі құралдардың бірі темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау болып табылады, бұл заңсыз сауданы әлдеқайда қиындатады.

"Сонымен қатар, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңсыз әрекеттерді анықтауға және жолын кесуге септігін тигізетін тұрақты тексерулер жүргізуде" , - дейді комитет

1  триллиардтан  аса қаражат түсті

Мемлекеттік кірістер комитеті соңғы 3 жылда темекі, алкаголь өнімдерінен бюджетке түскен қаражат есебін де ұсынды. Түскен сомма аз емес.

Алкоголь өнімдері: 380,8 млрд.теңге.
Темекі өнімдері: 787,8 млрд.теңге.

Бұл кірістер мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруда және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады", -  делінген хабарламада

Бұған дейін ішімдіктен бас тартқан Жамбыл облысында ауылдар да 4 жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген жазған едік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз.

Н. Ынтымақұлы