Ақтөбеде 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні "Ел бірлігі: қасиетті домбыра" атты Dombyra party өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мерекелік шара Өнер орталығының алдында ұйымдастырылды. Мақсат – ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау, балалардың өнерін көпшілікке дәріптеу.
Ақтөбе қаласы бойынша 3 мың, ал облыс бойынша 6 мың оқушы бір мезетте күй тартты. Қатысушылар А. Жұбановтың "Би", Құрманғазының "Балбырауын" және Ә. Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйлерін орындады.
Сондай-ақ бұндай шара бір мезгілде Батыс - 2 мөлтек ауданындағы Шығармашылық академиясы мен Есет батыр шағын ауданында Есет батыр ескерткішінің алдында да өтті.
Мерекелік шараға жиналған жұртшылық ерекше әсерге бөленді.
Кәмшат Сексенбай
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!