Атырау облысында екі жасар сәби балабақшада жарақат алып, көзінен айырыла жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Бұл оқиға 5 наурызда Құрманғазы ауданындағы "Боташым" балабақшасында болды. Қазір бүлдіршін аудандық аурухананың хирургия бөлімінде ем алып жатыр.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Сафон ауылындағы балабақшада жарақат алған бүлдіршіннің ісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар бейнекамералардағы жазбалар тексеріліп жатыр. Балабақша қызметкерлері мен барлық куәгерлерден қажетті мәліметтер алынып жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!