Жетісу облысында сиырдың үстіне бояумен "өлтіремін" деп жазып кеткен адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жануардың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында болған.
"Сиырым біреудің бақшасына кіріп кетсе керек. Не істейсің, мал - аузы жоқ мақұлық. Бірақ жануарды бұлай қорлауға кімнің дәті барды? Көзіне бояу құйып жіберген, әрең жуып тазаладым, ал бүйіріне "өлтіремін" деп үлкен қылып жазып қойған", - деді видео авторы.
Жануарды осылай жазалап, иесін қорқытпақ болған адам әзірге анықталған жоқ. Тәртіп сақшылары іздестіру шараларын бастаған. Олар жағдайды толық анықтап, шара қолдануға уәде берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!