- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көзімізбен көрген жоқпыз"....
"Көзімізбен көрген жоқпыз". Медеу Арынбаев Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты пікір білдірді
Танымал әнші Медеу Арынбаев Дәулет Тұрлыхановтың ұлы адвокатты соққыға жыққаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Ол бұл оқиғаны ешкім көзбен көрмегенін, сайлау алдындағы арандатушылық болуы да мүмкін екенін жеткізген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Еліміздің біртуар ұлы Дәулет Болатұлы жайындағы соңғы жаңалықтар елдің талқысына түсіп жатыр. Осы жағдайға байланысты жеке ойымды білдіргім келеді. Қай ата-ана баласын жаман болсын деп тәрбиелейді? Әрине, тек жақсы болсын дейді! Қазіргі таңда баланың құқығын қорғау мақсатында емес, жан-жақтан жазылып жатқан пікірлер Дәулет ағамызға келіп тіреліп тұр. Бұл да бір сайлау алдындағы жасалып жатырған арандатушылық іс-әрекет болуы әбден мүмкін. Барлық істің байыбына бармай, жауабын күтейік. Болған оқиғаны сіздер де, біз де өз көзімізбен көрген жоқпыз. Мен әркезде Дәулет Болатұлын қолдаймын! Алдағы майданда жеңіске жетуіне тілектеспін! Елімізге жасаған еңбегін, спорттағы ерлігін ескере отыра бұл жағдайды сабырмен саралағанымыз жөн болар деп ойлаймын..." - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шыққаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова