- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Көзімнен жасым үзілді“....
“Көзімнен жасым үзілді“. Абай Бегей тұрмысқа шыққан қызына терме арнады
Танымал әнші Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызына терме арнап, халықты жылатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Абай Бегей тұрмысқа шыққан соң үйіне алғаш рет келген қызына терме орындап берді.
"Келін болған қызымды көріп көңілім бұзылды. Танымайтын жат елдің шайын құйып, сызылды. Көлегейлеп көзімді, көзімнен жасым үзілді. Еркелігі үйдегі елес боп көзге ілінді", - деді Абай Бегей домбырасын қолға алып.
Желі қолданушылары әкесі мен қызының арасындағы сыйластық пен махаббатқа ерекше тәнті болып, жақсы пікір жазып жатыр.
"Абай ағамыз қызына деген сағынышын осы бір әнмен жеткізді деп ойлаймын. Екі жас бақытты болсын", "Әкесі ішкі сырын күймен жеткізді, Мұстафа өзін кінәлі сезініп, біртүрлі болып қалды, лайым бақытты болыңдар" деп жатыр желі қолданушылары.
Еске салайық, танымал қазақстандық әнші Абай Бегейдің қызын алыпқашып кетіп, әнші қызына ақ батасын берген болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева