Танымал жүргізуші Анна Данченко анасының жағдайын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, анасы қазір көп нәрсені ұмыта бастаған.
"Бүгін Мамаға тағы да жедел жәрдем шақырттым. Ең қиыны - Анам көп нәрсе ұмыта бастады. Тамақ ішкенін, дәрі қабылдағанын, жаңа ғана айтқан әңгімесін... Өтірік күліп, бірнеше рет қайталауды Әкем тірі кезінде үйренуге тура келіп еді. Қазір сол кезеңді қайта өтіп жатқандаймын. Жазып отырып, көзімнен жас тоқтамайды. Қолымнан ештеңе келмей тұрғаны...", - деп жазды тележүргізуші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!