6 жыл бұрын политолог Роберт Э.Келли атақты болып оянды. Себебі теледидарлық бейне-сұхбат кезінде оның балалары кабинетке кіріп келіп, жүргізуші мен экранның ар жағында отырған барлық көрерменді күлдіртті. Пусан ұлттық университетінің политология профессоры BBC News сұхбатында тікелей эфирге қатысқан болатын. Ол кезде оның Марион есімді қызы 4 жаста, ал ұлы - Джеймс 9 айлық болатын.
Әкесі қызына шығуға белгі беруге тырысса да, Марион ойыншығымен билей бастайды. Содан соң кабинетке жүріс арбасында отырған 9-айлық баласы кіреді. Олардың арттарынан Роберттің әйелі кіріп, камераға түсіп қалмас үшін балаларын кабинеттен білдіртпей еңбектеп жүріп шығаруға тырысады.
YouTube желісінде 54 миллион көрілім жинаған видео отағасының көрермендерден үйдегі аздап ретсіздік үшін кешірім сұрауымен аяқталады. Алайда бұл қызықты оқиға көпшіліктің көңілінен шығады және барлығы бұл отбасыға тек бақыт тілеп, жағымды пікірлер қалдырады.
Ал жақында Роберт содан бері алты жыл өткені жайлы жазба жазды. Политолог барлығына мейірімділік үшін алғыс айтып, оны интернет жұлдызы еткен балаларымен және әйелімен бірнеше сурет жариялады.