- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көзіме жас келді"....
"Көзіме жас келді". Нұржан Қалжан 30 жыл бойы балалы бола алмаған отбасы туралы айтты
Танымал әнші Нұржан Қалжан "ХабарLike" телебағдарламасына берген сұхбатында 30 жыл бойы балалы бола алмаған отбасы туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі алдымен өзінің де балалы болуды 10 жыл күткенін жасырмады.
"Біз перзентті ұзақ күттік. Осындай кезде ағайын-туыстың қоймай сұрақ астына алуы дұрыс нәрсе емес. Мысалы, ұлың немесе қызың болмаса, келеді де, көңілің бар екен-ау демей, "неге ЭКҰ-ға бармайсыңдар?", "емделмейсіңдер ме, үйтпейсіңдер ме, бүйтпейсіңдер ме" дегенді көп айтады. Мен соны білмей отырмын ба? Былайынша айтқанда, адамның жарасын одан сайын тырнайды. Сондай адам көп. Қазір ондай адамдарды көретін болсам, жауап та бермеймін, "иә" деймін де, ары қарай сөйлеспеуге тырысамын.
Жақында ғана, осыдан 10-15 күн бұрын Астананың шетіндегі бір ауылдағы кішкентай қыздың тұсаукесеріне бардым. Сөйтсем, адамдар тілектің арасында қыздың 30 жыл күттіріп, дүниеге келгенін қосып жатты. Басында мен мұны білмедім. Ана жерде тұрып, менің көзіме жас келді. Бұл недеген сабырлылық? 30 жыл бойы ұл да болмаған, қыз да болмаған, сонша жыл шыдап, 30 жылдан кейін тәп-тәтті сұлу қыз дүниеге келген. Сондықтан мұндай кезде бір-ақ нәрсе - сабыр көмектеседі", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Баланы мектепке қай жаста берген дұрыс?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә