"МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев концертте болған қызық оқиғасының видеосын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Концерт Қарағандыда өткен. Майғазиев ән айтып тұрған сәтте қасына қария келіп, оның орнына ән салып кеткен.
"Концертте мынадай қызық болды, соңына дейін қараңыз. Сезімге беріліп, көзімді жұмып ән салып тұрғанмын. Көзімді ашып қалсам, қасымда атам тұр", - дейді ол.
Қазнет қолданушылары қарияның дауысына тәнті болып жатыр.
"Керемет. Атамның даусы тамаша!", "Төреғали сияқты қуып шықпайды", "Керемет. Атамыз да бір жасап қалды-ау", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!