Желіде түрлі қымбат әшекей тағып, бренд киімдерін көрсетіп жатқан әйелдің видеосы тарады. Желіде тараған ақпарат бойынша, видеодағы әйел "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ қызметкерінің әйелі. Компания өкілдері қызу талқыға түскен видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодағы әйел - Ботагөз Көшенова. Видео авторының сөзінше, ол "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ қызметкері Асқар Әубәкіровтің әйелі.
Компания өкілдерінің сөзінше, Асқар Әубәкіров "ҚазМұнайГаздан" 2012 жылы қаңтарда жұмыстан шығып кеткен.
"Желіде қымбат әшекейлер тағып, қымбат киімдер киіп жүрген әйелдің видеосы тарады. Видеода ол "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ қызметкері Асқар Әубәкіровтің әйелі екені айтылған. Әубәкіров Асқар Әкімбайұлы ҚМГ-де 11 жыл бұрын жұмыстан шығып кеткенін хабарлаймыз.
Ол атқарған соңғы қызмет - "ҚазМұнайГаз БӨ" АҚ Бас директорының Корпоративтік даму және активтерді басқару жөніндегі орынбасары. Алайда ол бұл қызметтен 2012 жылдың қаңтарында кеткен", - дейді компания өкілдері Massaget.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауапта.
Компания өкілдері жалған ақпарат таратқан жағдайда жауапкершілік көзделгенін ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!