Көз айналасындағы терінің қараюы көбінесе денсаулық мәселесінің белгісі болуы мүмкін. Дерматовенеролог Дарья Богданова көздің астының қараюына не себеп болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Страстиге сілтеме жасап.
Әдетте көз айналасындағы тері түсінің өзгеруі ұйқының аздығы, майдың жұқаруымен және жасқа байланысты өзгерістермен байланысты, ал егер ол қандай да бір аурудың белгісі болатын болса, олар лимфа ағынының бұзылуы, веноздық тоқырау немесе зат алмасудың баяулауымен байланысты.
Маманның айтуынша, микроток терапиясы, лимфа дренажды массаж және биоревитализация сияқты косметологиядағы түрлі емдеу түрі мұндай қиындықты жеңуге көмектеседі. Алайда салауатты өмін салтын ұстанбасаңыз, косметологиядан алған нәтиже ұзақ уақыт сақталмайды.
"Көз астының қараюының алдын алу үшін үйде дұрыс күтім жасап, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс ұйықтау қажет. Шамадан тыс жұмыс істеу, ұйқының қанбауы, стресс секілді жағдайлар көз терісін жұқа және күңгірт етеді", - деді косметолог.
Айта кетейік, бұған дейін көз айналасындағы теріге күтімді қалай жасау керегі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кебек хан реформасының қандай маңызы болды?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!