- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көздің асты қара...
Көздің асты қара болуы не білдіреді? Дерматолог ескерту жасады
Дерматолог Екатерина Анчикова көздің асты қара болуы - беттің анатомиялық ерекшелігіне байланысты эстетикалық проблемасы екенін айтты. Алайда кей жағдайда бұл қандай да бір аурудың белгісі болуы мүмкін, - деп хабарлайды News.ru.
Маманның сөзінше, көздің асты қара болуы қан айналымының немесе кеңейтілген тамырлардың бұзылуын білдіруі мүмкін. Сондай-ақ адам бірден азып кеткенде көздің асты қарая бастауы мүмкін.
Одан бөлек, Анчикова мұндай құбылыс адам дұрыс ұйықтамай жүргенде және қатты стресс жағдайында жүрсе, паразиттік инфекциялар жұқтырып, ішкі ағзалардың аурулары бар кезде немесе дененің интоксикациясы кезінде байқалуы мүмкін екенін айтты.
"Бұрын адамда мұндай проблем болмай, кейіннен көзінің асты қарайғанын байқаса, бұл дәрігерге қаралу қажет деген сөз", - деп ескертті маман.
Дәрігер мұндай жағдайда терапевтке барып, іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі, қан анализі - клиникалық және биохимиялық, сонымен қатар паразиттік инфекцияларға арналған тест өткізуге жолдама алу қажет екенін айтады.
Сонымен қатар, дәрігердің сөзінше, жалпы ағзаның жағдайын бұзатын факторлар, яғни шылым шегу, алкоголь, ұйқының қанбауы, физикалық күш, салмақ тастауға назар аудару керек.
С. Сатыбалдина