Көшеде жұпыны киінген жүк тасушы қарияның адам танымастай өзгеріп, гүл сататын дүкеннің манекеншісі болғаны бейнеленген видеосы көпті таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны саяхатшы-фотограф Асылбек Имандосов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қария түсірілім тобында жүрген фотографты көріп, өзін бірнеше суретке түсіруді өтінген. Фотограф келісіп, кейіннен суреттерді TikTok желіге жүктеген. Туынды көптің жүрегін елжіреткендіктен, Асылбек Имандосов атамен тағы бір рет кездеседі. Олар бірге қарияның шашын қысқартып, жаңа киімдер алады, тіпті жолай гүл сататын дүкенге гүл алуға соғады. Ал дүкен басшылығы атаға манекенші болуды ұсынған.
@rrabbitson Результат первой в жизни сьемки Берик ата #фотограф #уличныйфотограф #рекомендации ♬ оригинальный звук - Asylbek Imandosov
Гүл сататын дүкеннің манекеншісі болып, Желі қолданушыларын тәнті еткен қарияның есімі - Берік. Ол қолындағы арбамен соңғы 20 жыл бойы жүк тасыған. Жас кезінде көлік жүргізуші, жүк тасушы, аула тазалаушы болып жұмыс істеген. Бір кездері трактор айдаған. Ол өмірге үнемі күліп қарау керегін айтады, егер адам бір сынаққа тап болса, сынбай, ары қарай жылжу керек деп санайды.
@rrabbitson Спустя пару недель я всетаки встретил делушку и передал ему портреты😍#фотограф #уличныйфотограф #рекомендации ♬ оригинальный звук - Asylbek Imandosov
Желі қолданушылары қарияның шынайылығына тәнті болып түрлі қалдырған.
"Атаның харизмасы жоғары екен, ол модель болуы керек", "Берік ата, 100 жасаңыз, суреттер керемет шыққан", "Өте жақсы ата екен", "Гүл шоғын ұстап тұрған суретінде сондай сүйкімді", "Көздерінен мейірім төгіліп тұр", - деп жазған олар.
Қазіргі уақытта Желі қолданушылары қарияға сыйлық жасау үшін қаражат жинап жатыр.
Тағы да оқи отырыңыздар: Түркияға бару үшін виза керек пе?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!