Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыдағы балабақшаның бірінде болған сұмдық жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі кішкентай балалардың мұндай жауыздығына қарап, ұлтымыздың болашағы үшін алаңдайтынын жеткізді.
"Мен балаларымның денсаулығына алаңдап, дәруменді ойлап отырғанда, балабақшадағы оқиға көзден жасты сорғалатты ғой.
Кіп-кішкентай балаларда осынша жауыздық қайдан пайда болған? 5 минут бойы жабылып тепкілеген. Бала көргенін жасайтыны белгілі. Тәрбие, құндылыққа мән бермесек ұлтқа қауіп төніп тұр екен.
Әрине, оқиғаның мән-жайын құзырлылар анықтап жатыр. Алайда мені толғандыратыны мынау еліміздің болашағы осы бүлдіршіндеріміздің қолында. Сонда қандай ел болмақпыз?" - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Бар қуыршағымды танымайтын қызға бердім". Жұлдыз Әбдукәрімова балалық шағының қызығы туралы әңгімелегені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Т әрпінен басталатын ұл аттары
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз