Кез келген адам пияз турағанда көз жасына ерік береді. Жылағысы келгеннен емес, амал болмағандықтан солай болады. Десе де оны тоқтатуға да болады. Бұл туралы калифорниялық дәрігер Джо Уиттингтон айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru сайтына сілтеме жасап.
Көзді ашытпауы үшін не істеу керек?
Доктор Уиттингтон пияздың жанына дымқыл қағаз сүлгіні қоюды ұсынады. Ол турау кезінде тітіркендіргіш қосылыстарды сіңіретін магнит сияқты әрекет етеді.
"Ылғалдылық күкірт қосылыстарын тартады, тітіркенудің алдын алуға көмектеседі, сондықтан турау кезінде көзді ашытпайды", - деп түсіндірді дәрігер.
Ол дымқыл майлықты немесе сүлгіні пиязға өте жақын ұстау маңызды екенін ескертті, әйтпесе бұл әдіс жарамайды.
Тағы қандай жолдары бар?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!