Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде марқұм күйеуін еске алып, жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қайрекеңнің көзі тірісінде үйден қонақ арылмайтын. Қазір сирегені өтірік емес. Сонда да, аптасына 1-2 рет ет асып, балаларды танитын, өзіміз жақын араласатын туған-туыстарды ғана шақырып тұрамыз.
Әкесінің ұлдарға үйреткені, көрсеткені қазір әдет болып қалған. Есік ашып, қонақтың киімін алып, қолға су құйып, әңгімесін тыңдап, үйлеріне қайтқанша асты-үстіне түседі екеуі де😊
Жалпы, отағасынан үйренгеніміз көп❤️ Үстелге көкеністерді турамай қою, тәтті мен ыстық тамақты араластырмау…. "Кісі келгенде бірден алдына ет қойыңдар, қарны ашып келеді. Салатты да, басқасын да жеп үлгереді" дейтін. Қазір бәрі автоматты түрде орындалады", - деп жазды тележүргізуші.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз