Астанада тұрғынды гипноздап, ақшасын алып кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға әйел арызбен жүгініп, гипнозбен оның ақшасын алып қойғанын хабарлаған. Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқ әйел анықталды. Ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы азаматшасы болып шықты және ол жүктіліктің жетінші айында екен.
Алданған әйел күндіз Тұран даңғылының бойымен бейтаныс әйел келіп, онымен сөйлесе бастағанын айтты. "Көз тиген" деген сылтаумен "тазартуды" ұсынған. Содан кейін тазарту жорасын жүргізген болып, алаяқтық жолмен 105 мың теңге көлемінде ақша сомасын алған.
Алаяқтық фактісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның қазіргі уақытта астана аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!