Актриса Дариға Бадықова шығармашылығындағы жаңалығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі жуырда жаңа жобасы басталатынын жеткізді.
"Басталатын жобаға үміт бар жүзімде. Құдай маған мүмкін емес дүниені мүмкін етеді. Менің сағымды сындыру қиынға соғады. Себебі ақыл-есім бар, Құдайдың қызымын. Алматыға кетемін, келмеймін дейтінмін. Үйдегілер біртүрлі қарайтын. Класстастарымды жұлдыз боламын деп күлдіретінмін. Шүкір Алматыда қалдым. Өнерде ойып орын алдым. Продюсер болып, тағы 1-орын алып көрсем бе деп отырмын. Елден көшіп кетпесін десеңіздер, әрине, менің орным болса, осы басталатын жобаны 3 миллиардтан асырайық. Одан асырмайтын болсақ ренжимін. Ол қандай жоба кім біледі? Айтуға қорқамын көз тие ме деп?! Қандай фильм екенін әзірше айтпай-ақ қояйын. Көзі өтіп кететін жандар бар екен", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!