- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көзі ілініп кеткен"....
"Көзі ілініп кеткен". Таразда автобус жол жиегінде тұрған көліктерді жапырып өтті
Таразда автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегіндегі көліктерді жапырып кетті. Жүргізушінің көзі ілініп кеткен екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қоғамдық көліктің бейнекамерасына жазылған видеода жүргізушінің қарсы бетке шығып бара жатқан автобусты тоқтатуға еш әрекет жасамағаны байқалады. Жол апатынан автотұрақтағы 10 жеңіл көлікке зақым келді. Құрбандар жоқ.
Автобуста 10 жолаушы болған. Жарақат алған 56 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бірнеше қабырғасы сынған жолаушының жағдайы орташа ауыр екенін айтады. 33 жастағы жүргізушіге қатысты тергеу басталды.
"Автобус жүргізушісіне ҚР ҚК 345-бабымен қылмыстық іс қозғалып, Тараз қаласы басқармасында тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан